1 маусымнан бастап YouTube-те бейнехостингті пайдалану талаптары өзгереді

0
1 094

Бейнехостинг платформада орналастырылған барлық бейнелерге жарнамалық роликтерді біріктіре бастайды.


1 маусымнан бастап YouTube-те бейнехостингті пайдалану талаптары өзгереді

ERNUR.KZ. YouTube 1 маусымнан бастап бейнехостингті пайдалану талаптарын өзгертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

YouTube – бұл пайдаланушыларға бейнелерді сақтау, жеткізу және көрсету қызметтерін ұсынатын бейне хостинг. YouTube ең танымал бейнехостингке және кірушілер саны бойынша әлемдегі екінші сайтқа айналды.

«2021 жылдың 1 маусымында адамды оның рұқсатынсыз анықтай алатын кез-келген ақпаратты жинауға тыйым салу үшін біз YouTube-тің пайдалану шарттарын жаңартамыз және сервисте контентті қалай монетизациялайтынымызды түсіндіреміз»,- делінген компанияның бейнехостингтің «Пайдалану талаптарында»

Бейнехостинг платформада орналастырылған барлық бейнелерге жарнамалық роликтерді біріктіре бастайды.

Қазіргі уақытта серіктестік бағдарламасына қосылған арналарда жарияланған бейнелерге жарнама енгізілген. Оған қатысу үшін екі шартты орындау керек: жазылушылар саны кемінде мың адам болуы қажет, ал жылына қаралымның жалпы уақыты төрт мың сағатты құрауы керек.