16 түрік әйелі өлім жазасына кесілді

0
3 328

Ирактың орталық криминалды соты түркиялық 16 әйелді терроризмде кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті,-деп хабарлайды CNN .


16 түрік әйелі өлім жазасына кесілді

Ирактың орталық криминалды соты түркиялық 16 әйелді терроризмде кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті,-деп хабарлайды CNN . «Олардың «ДАИШ» террористік ұйымының мүшесі екені дәлелденді»,-деп мәлімдеді Ирактың Жоғарғы сот кеңесінің өкілі, Абдул Саттар әл-Беерақдар.

"Соталған әйелдер тергеу барысында, «ДАИШ» ұйымында жүрген ер азаматтарға күйеуге тигесін, сол ұйымға мүше болғанын және материалдық-техникалық көмек көрсетіп отырғанын мойындады", - деді тағы да әл-Беерақдар.

2017 жылдың желтоқсанында Ирак әскерлері елді ДАИШ-тен толық азат етілгенін хабарлаған соң, елде террористік ұйымының өкілдерін қудалау басталған. Human Rights Watch ұйымы келтірген деректерге сүйенсек, бұған дейін де ирактық әскери күштердің қолына түскен бірнеше әйел өлім жазасына кесілген не өмір бақи түрмеге жабылған.

Ирак соты 16 түрік әйеліне шығарылған үкім өзгертілуі мүмкін екенін мәлімдеді.