Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. YouTube тікелей эфир жүргізу ережелерін жаңартты. Енді 16 жасқа дейінгі балалар ересек адамсыз жеке эфир жүргізе алмайды, деп жазады Stan.kz.
YouTube видеохостингі 22 шілдеден бастап тікелей эфир жүргізу үшін ең төменгі жас мөлшерін 16 жасқа дейін көтереді. Жас шектеуінен кіші жастағы қолданушылар тек ересек адамның қасында эфир жүргізе алады.
"Ересек адам тікелей эфирде анық көрініп, сіздермен қатар эфирге қатысуы тиіс", – делінген YouTube хабарламасында.
Жаңа ережені бұзған жасөспірімдердің тікелей эфир жүргізу мен тікелей чатта қатысу құқығы шектеледі. YouTube бұзушылықтары бар эфирлерді өшіріп отыратынын мәлімдеді.
"Шектеулері бар аккаунттар басқа арнада тікелей эфир жүргізе алмайды. Мұны жасауға тырысқандардың ааккаунттары өшірілуі мүмкін", – делінген ескертуде.