​2 жасар бала сүндетке отырғызылғаннан кейін комаға түсті

0
1 792

Алайда анестезия салынғаннан кейін баланың сіңірі тартылып, тынысы тарылған.


​2 жасар бала сүндетке отырғызылғаннан кейін комаға түсті

ERNUR.KZ. Жаңа Мәскеуде екі жасар бала үйде сүндеттелгеннен кейін комаға түсті. Балада анестезия салғаннан анафилактикалық шок болған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Десеновск елді мекенінде болған. Хирургиялық ота жасату үшін баланың ата-анасы таныстарының кеңесі бойынша жұмыссыз ер адамды шақырған (кейбір мәліметтер бойынша, ол Тәжікстанда бала дәрігері болған). Алайда анестезия салынғаннан кейін баланың сіңірі тартылып, тынысы тарылған.

Қазіргі таңда бала комадан шықты, өміріне ешқандай қауіп жоқ.

РФ Мәскеу Тергеу комитетінің парақшасындағы ақпарат бойынша, 54 жастағы ер адамға "Заңсыз медициналық тәжірибе" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың жарақаттануына қатысты барлық жағдайды анықтауға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр. Ал фигурантқа қатысты қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Қылмыстық іске қатысты тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.