2022 жылы Еуропада ыстықтан 61 мыңнан астам адам қайтыс болды

0
348

Өткен жылдың жазында Еуропадағы ауа-температурасының максималды деңгейге көтерілуі 61 мыңнан астам адамның өліміне әкелді, дейді ғалымдар.


2022 жылы Еуропада ыстықтан 61 мыңнан астам адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Nature Medicine журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2022 жылдың жазында ыстықтан 61 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Ғалымдар Еуростаттың 30 мамыр мен 4 қыркүйек аралығында жынысы мен жасына байланысты түрлі себептерден болатын өлім-жітім туралы апта сайынғы деректерін талдады. Зерттеу авторларының бағалауы бойынша, осы кезеңде Еуропадағы рекордтық аптап ыстықтан 61 672 адам қайтыс болды. Ал әдетте Еуропа елдерінде осы кезеңде ыстықтан қаза тапқандар саны 36 мыңнан аспайтын.

Еуропа елдерінің арасында Италия көш бастады - 18 мың адам ыстыққа шыдамаған, одан кейін Испания тұр, онда 11300 адам қайтыс болды, үшінші орында Германия (8173 адам), төртінші орында Франция (4807 адам).

Бір миллион халыққа шаққандағы салыстырмалы шама Италия, Греция, Испания және Португалияда ең жоғары болды. Ер адамдарға қарағанда әйелдер ыстыққа шыдамсыз келеді (56%-ға жоғары көрсеткіш).