​2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі

0
79

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшкін қаупі жоғары тасжолдарда, таулы аудандар арқылы өтетін теміржол желілерінің маңайына ғарыштық мониторинг жүргізіледі.


​2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі

Фото: Gov.kz

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және саланың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жарлығына қол қойды, деп жазады inform.kz.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшкін қаупі жоғары тасжолдарда, таулы аудандар арқылы өтетін теміржол желілерінің маңайына ғарыштық мониторинг жүргізіледі.

Сондай-ақ, жасанды интеллектті енгізе отырып, жер сілкіністерін болжау тәжірибесі енгізіледі. Бірінші кезеңде аталған пилоттық жоба Ташкент қаласында жүзеге асады.
Бұл жұмыстармен бірге мәдени мұра нысандарының ықтимал зілзалаға төтеп беру қауқары тексеріледі. Бұған қоса, аймақтардың сейсмикалық қауіптілігі туралы ақпараттар жинақталған платформа құрылады. Оны құрылыс компаниялары ғимарат салу кезінде басшылыққа алуы тиіс.