Калифорнияның оңтүстігіндегі Хантингтон-Бич қаласында адам көп жүретін көшеде тікұшақ пальма ағаштарының үстіне құлаған.
ERNUR.KZ. Калифорнияда тікұшақ жағажай маңындағы пальма ағаштарының үстіне құлады, деп жазады baq.kz.
Калифорнияның оңтүстігіндегі Хантингтон-Бич қаласында адам көп жүретін көшеде тікұшақ пальма ағаштарының үстіне құлаған.
Төтенше жағдай салдарынан бес адам зардап шеккен. Олардың екеуі тікұшақтың ішінде болған, ал үшеуі жолда кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілер. Барлығы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға 11 қазан күні күндіз (Астана уақытымен 12 қазан түні) болған.
12 қазанда қалада “Жағалаудағы көліктер мен тікұшақтар” атты фестиваль өтуі тиіс еді, - деп жазады басылым.
Оқиға орнындағы бейнежазбада тікұшақтың жағажай маңындағы тасжолға қарай ұшып бара жатып, ось бойымен айнала бастағаны, содан кейін демалып жатқан адамдардан бірнеше метр жерде пальма ағаштарына соғылғаны көрінеді.