Африкада 13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

0
566

Егер тез арада тиісті шешімдер қабылданбаса жағдай тіптен қиындауы мүмкін.


Африкада 13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

ERNUR.KZ. Африка елдерінде соңғы 30 жылда болмаған құрғақшылық салдарынан 13 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.

Эфиопия, Кения және Сомали елдерінде соңғы үш жаңбырлы маусымда жауын-шашын мөлшері өте төмен деңгейде жауды. Салдарынан төрт түлік мал қырылып, егістіктер жойылды. Мұндай қиындыққа ұшыраған халық үйін тастап, қалаларға көшуге мәжбүр. Сол сияқты қауымдастықтар арасындағы қақтығыстарды да тудырып отыр.

Ал болжам бойынша алдағы уақытта да жауын-шашын мөлшері орта деңгейден төмен болмақ. Бұл онсызда күрделі жағдайды қиындатып жібергелі тұр. Құрғақшылық Эфиопияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс, Кенияның оңтүстік-шығыс және солтүстік, ал Сомалидің орталық-оңтүстік аймақтарында тұратын халыққа зиян тигізіп отыр. Осының әсерінен азық-түлік өнімдері күрт қымбаттады, ал ауыл шаруашылығы еңбегіне деген сұранысты азайтты.

Егер тез арада тиісті шешімдер қабылданбаса жағдай тіптен қиындауы мүмкін.

Жоспарға сәйкес Сомали елінде 4,5 млн адамды алдағы алты айда қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін шамамен 327 млн доллар қаржат қажет.