Африканың алты елінде эбола тіркелді

0
2 594

Осыдан 3 күн бұрын Гвинеяда туысының жерлеу рәсіміне қатысқан бір отбасының барлық мүшесі эболаны жұқтырғаны анықталған болатын.


Африканың алты елінде эбола тіркелді

ERNUR.KZ. Африкаға коронавирус қана емес, сондай-ақ Эбола індеті де қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл инфекция аталған құрлықтағы 6 елден табылған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі мәлімдеді. Осыдан 3 күн бұрын Гвинеяда туысының жерлеу рәсіміне қатысқан бір отбасының барлық мүшесі эболаны жұқтырғаны анықталған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл тергеу амалдарын қолға алған.


- Гвинеяда Эболаны 7 адамның жұқтырғанын білеміз. 3 науқас көз жұмды. Жұқтырғандармен байланыста болған 115 адамды анықтадық, - дейді ДДСҰ өкілі Маргарет Харрис.


Сондай-ақ Конгоның шығысында 4 адам эбола жұқтырды. Өкінішке қарай, 2 науқас қайтыс болған. Осыған байланысты бұл елде жаппай вакциналау науқаны басталды. Індетке қарсы вакцинаның 1200 дозасы өткен аптада жеткізілген болатын. Екпе шаралары бірінші кезекте Эбола таралған 4 ауданда жүргізілмек. Ауруға шалдыққандармен қарым-қатынас жасаған 300-ге жуық тұрғын оқшауланған.