Ағаш арасында жүрген тұрғынға найғазай түсті

0
234

Оқиға 22 сәуір күні күндіз болған.


Ағаш арасында жүрген тұрғынға найғазай түсті

ERNUR.KZ. Таиландтың Амнатчарен провинциясында ағаш жапырақтарын жинап жүрген тұрғынға найзағай түсті, деп жазады baq.kz.

Оқиға 22 сәуір күні күндіз болған. 44 жастағы Соммай Джаруджит күріш алқабындағы жұмысын аяқтаған соң, кешкі асқа лайм жапырақтарын жинауға шыққан. Сол сәтте найзағай ойнай бастаған. Соммай ағашқа жақындаған кезде найзағай дәл оған түскен. Оқиғаны әкесі Сайвай Джаруджиттің көз алдында болған.

Оның айтуынша, ол қатты гүрс еткен дыбысты естіп, бұрылып қарағанда, ұлының етпетінен жерге құлап жатқан. Сайвай бірден көмек көрсетуге тырысқанымен, тым кеш болды. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері де Соммайды аман алып қала алмады.