Air India апаты: 242 жолаушының бәрі қаза тапты

0
177

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.


Air India апаты: 242 жолаушының бәрі қаза тапты

Фото: Reuters

ERNUR.KZ. Air India әуе компаниясының Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған 242 адамның бәрі қаза тапқан болуы мүмкін. Бұл туралы The Associated Press агенттігіне Үндістан полициясының өкілі хабарлады, деп жазды inform.kz.

— Әуе апатынан тірі қалғандар жоқ сияқты, — деді полиция өкілі.

Оның айтуынша, ұшақ кеңселері бар тұрғын ауданда құлаған.
Сол маңдағы кейбір жергілікті тұрғындар да қаза тапқан болуы мүмкін, — деп қосты ол.
Бұған дейін Үндістан полициясы Air India ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлағанын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, Air India әуекомпаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмедабад қаласындағы Сардар Валлабхбхая Патела халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.
Ахмадабадтан 13:38–де көтерілген Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Олардың 169-ы Үндістан азаматы, 53-і Ұлыбритания азаматы, біреуі Канада азаматы және жетеуі Португалия азаматы болғаны хабарланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Air India ұшағының апатынан қаза тапқан немесе зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.