"Әлемдегі ең керемет өнертабысты ойлап тапқан жеті адам" деп аталатын мақалада мыңдаған жылдар өтсе де маңыздылығын жоғалтпаған жеті өнертабыс сөз етіледі.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың белді басылымдарының бірі New York Post қазақ елін ең керемет 7 өнертабыс ойлап тапқан елдер тізіміне енгізген мақала жариялады, деп жазады kaz.nur.kz.
"Әлемдегі ең керемет өнертабысты ойлап тапқан жеті адам" деп аталатын мақалада мыңдаған жылдар өтсе де маңыздылығын жоғалтпаған жеті өнертабыс сөз етіледі.
Әр елдің ерекше өнертабыстарын тізген америкалық басылым бұл тізімге қазақ елін де қосуды ұмытпапты. Бұл тізімді шетел басылымы Коди Кэссиди есімді жазушының жақында жария болған кітабына сүйене отырып құрған екен.
Өз кітабында Кэссиди адамзаттың даму тарихында өз өнертабысымен зор үлес қосқан адамдар мен халықтар туралы жазған. Бұл есімдерді көбі біле бермесе де, олардың бізге қосқан үлесі орасан зор дейді автор.
Сонымен бұл тізімде қазақ елімен қоса, кімдер бар?
Ең алғашқы сурет туындысы
Ең алғашқы сурет туындысы 33000 жыл бұрын Францияның оңтүстік батысында жасалған. Шове деп аталатын үңгірде "400-ден астам көне сурет салынған". "Жылқылармен бірге Панно" деп аталатын туындының көне заманда жасалғанына сену қиын. Десе де бұл - сол заманда адамның қолынан шыққан керемет туындылардың бірі.
Әлемдегі ең алғашқы слинг
Камерундықтар - қазіргі заманда үлкен сұранысқа ие слингтерді алғаш болып ойлап тапқан халық.
Үш миллион жыл бұрын Африкадағы жас аналар жыртқыш аңдардан кішкентай баласымен бірге биіктікке өрмелеп қорғану үшін жүзім бұтақтарынан жасалған қазіргі слингке ұқсас киім түрін ойлап табады. Мұны археологиялық қазба жұмыстары растаған.
Устрицаны алғаш жеп көрген халық
164000 жыл бұрын Оңтүстік Африкада Homo sapien алғаш рет устрицаны жеп көреді. Бұған көне үңгірде үйіліп жатқан устрицалар дәлел болды. Зерттеушілер әйелдердің устрицаны қалай жеп, қалай аулау керектігін сол заманның өзінде жақсы білгенін анықтаған.
Жылқыны алғаш қолға үйреткен халық
Шамамен 6000 жыл бұрын Қазақстанның солтүстігінде Ботай қонысын мекен еткен тайпа жылқыны алғаш болып қолға үйреткен.
Жылқы еті мен қымызын азық еткен ботайлықтар атты сыйлағаны соншалық, қожайынын жерлеу кезінде жылқыны оның қасына жайғастыратын.
2006 жылы 5600 жылдық тарихы бар жылқы қиының табылуы бұған дәлел бола түсуде. Басылымның жазуынша, Ботай қонысының тайпасы жылқыға ауыздықты да алғаш болып ойлап тапқан.
"Бұл эврика - адам тасымалының тарихындағы теңдессіз өнертабыс", - деп жазған Кэссиди қазақ елінің жылқыны алғаш қолға үйретуіне қатысты пікір білдіріп.
Алғаш сыраны ойлап тапқандар
Алғаш сыраны Иорданияның солтүстік шығысында 15000 жыл бұрын ойлап тапқан.
Алғаш анекдот ойлап табушы
Ең алғаш әзіл аралас жазба Ирактың көне Ниппур қаласында 4000 жыл бұрын жазылған.
Алғаш садақ пен жебе ойлап табушы
Бұл өнертабыс 64000 жыл бұрын Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында тұрған тайпаға тиесілі.