Бірінші мұзжарғыш АҚШ-қа 2028 жылы жіберілмек.
Фото: Известия
ERNUR.KZ. АҚШ Финляндиядан 11 мұзжарғыш кеме сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Трамп Финляндия президенті Александр Стуббпен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
"Үлкен тапсырысымыз бар. Біз мұзжарғыштарды сатып аламыз. Негізінен алғанда, оларды бірлесіп салып жатырмыз, төртеуі Финляндияда, ал жетеуі осында жасалады. Меніңше, біз өте тиімді бағаға келістік", – деді АҚШ басшысы.
Қазір АҚШ-та бір ғана Polar Star мұзжарғышы жұмыс істеп тұр. Екінші Polar Sea кемесінің қозғалтқышы 2010 жылы істен шыққан.
Трамп Финляндияны әлемде ең үздік мұзжарғыштар жасайтын ел деп мақтады. Оның айтуынша, АҚШ кемелерді сатып алып қана қоймай, Финляндиядан мұзжарғыш жасау тәжірибесін үйренуді де жоспарлап отыр. Финляндия басшысы Александр Стубб бірінші мұзжарғыш АҚШ-қа 2028 жылы жіберілетінін атап өтті.
2025 жылдың наурызында тараптар мұзжарғыштарға қатысты мәселені алғаш рет Трамптың гольф-клубында талқылаған болатын.