ICANN осыған орай, желі қолданушылары ескерту жасады.
ERNUR.KZ. Мамандар тура бір айдан кейін, яғни 11 қазанда ғаламтор істен шығуы мүмкін деп отыр, деп жазады NUR.KZ.
Бұл келеңсіздікті домен атаулары мен IP-адрестерді басқарушы корпорация өкілдері тарихта тұңғыш рет криптографиялық кілттерді алмастырумен байланыстырып отыр.
ICANN осыған орай, желі қолданушылары ескерту жасады.
Оған сәйкес, дәл сол күні адамдар ғаламторға, түрлі сайттар мен браузерлерге кіре алмай қалуы мүмкін. Мамандар мұндай келеңсіздік тек 1 күнге жалғасатынын айтты.
Сонымен бірге олар криптографиялық кілттерді алмастыру күні өзгеруі мүмкін деген болжам да айтты. Аталмыш күнді корпорация өкілдері 12-қыркүйекте белгілемек.