150-ден астам елде осы мәселені қолдауға арналған шерулер өтті.
ERNUR.KZ. Швед оқушысы Грета Тунбергтің климаттың өзгеруіне қарсы күресін әлем жаппай қолдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
150-ден астам елде осы мәселені қолдауға арналған шерулер өтті. Лондон, Рио-де-Жанейро, Сидней, Токио сынды қала көшелеріне мыңдаған адам шықты. Ең ірі шараның бірі Нью-йорк шаһарында болды. Мұндағы акцияға 60 мыңнан астам адам қатысты.
Еске сала кетейік, климаттың өзгеруіне қарсы қозғалыс өткен жылдың тамыз айында басталып, бірнеше айдың ішінде ғалымдық сипат алған.
- Үлкендер маңызды мәселеге көңіл бөлмей отыр. Осыған қарсылық ретінде біз де мектепке бармадық. Білім алу әрине, өте маңызды. Бірақ жердегі өмірді қалай жақсарту керектігі де назардан тыс қалмауы тиіс, - деді шараға қатысушы Келбе Абреу.