Әлемдегі ең әдемі дәретхана жұрт назарын өзіне аударды

0
917

Ғимараттың сырт келбеті толқынға ұқсас әрі жарықтандырылған.


Әлемдегі ең әдемі дәретхана жұрт назарын өзіне аударды

ERNUR.KZ. Норвегияның Гильдескол ауданы өзінің таңғажайып табиғатымен танымал. Сол себепті сәулетшілер өңірге келетін туристердің қамын ойлап, теңіз жағалауында толқынға ұқсас дәретханасы бар демалыс орнын салған, деп жазады kaz.nur.kz.

2018 жылдың мамыр айының соңында Норвегияның Гильдескол коммунасында Уреддплассен атты жаңа бақылау алаңы ашылды. Бұл жерден теңіз бен Лофотен аралдарына керемет көрініс ашылады.



Алаңның жанынан сәулеттік жобаның маңызды элементтерінің біріне айналған ерекше дәретхана салынған, оның жалпы құны 2 млн долларды құрайды.

Ғимараттың сырт келбеті толқынға ұқсас әрі жарықтандырылған. Дәретханада қызғылт түсті норвегиялық мәрмәр орындықтар мен теңіздің жағасына шығатын баспалдақ бар.



Сонымен қатар, 1943 жылы ақпанда нацистік минаның салдарынан осы суға батып кеткен "Уредд" кемесінің бортында қайтыс болған 42 матросқа арналған ескерткіш бар.

Отыратын орын бетоннан және әйнектен жасалған.