Чили елінің солтүстігіндегі ең құрғақ Атакама шөлін қар басып, қалды.
Фото: ТАСС
ERNUR.KZ. Мұндай тосын жайт ғалымдарды да толғандырып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Қар жауғаны жайлы сол елдегі обсерваторияның хабарламасында айтылған. Мұны ТАСС басылымы кеңінен жазды.
– Әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлінде қар жауып жатыр! – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мәтінмен қоса видеокадрлар да жарияланған.
Белгілі болғандай, табиғаттың мұндай тосын мінезі бұл өңірде соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген екен. Демек, бұл – өте сирек кездесетін құбылыстың бірі.
Еске салайық, Атакама – таудың ең биік шоқысында орналасқан шөл. Ол жерде ылғал өте сирек түседі, сол себепті шөл обсератория салуға және ғарышты бақылауға өте қолайлы саналады.