Әлемдегі ең жеккөрінішті елдердің рейтингі пайда болды

0
411

Шолуда Қытай әлемдегі ең жек көрінішті елдердің рейтингін басқарды.


Әлемдегі ең жеккөрінішті елдердің рейтингі пайда болды

фото:pixabay.com

ERNUR.KZ. World Population Review зерттеу жасап, 2025 жылы әлемдегі ең жеккөрінішті елдер тізімін ұсынды, деп жазады stan.kz.

Шолуда Қытай әлемдегі ең жек көрінішті елдердің рейтингін басқарды. Қытайды қоғамның теріс қабылдауының көптеген себебі бар. Соның ішінде оның "авторитарлық режимі", табиғатқа зиян зауыттарды пайдалануы, қоршаған ортаның ластануына қосқан үлесі, Гонконг, Тайвань және Макаоға тәуелсіздік беруден бас тартуы және ұйғырларға деген көзқарасы келтірілген.

Екінші орында АҚШ болды.

"АҚШ-қа деген жаман көзқарастың басты себебі – халықаралық оқиғаларға АҚШ-тың өзіне пайда келуі үшін тым шектен шыға араласуы”, – деп атап өтті World Population Review.

Зерттеуге сәйкес, АҚШ-қа деген негатив америкалықтардың өзіндік эксклюзивтілік сезімі мен атыс қаруы, фаст-фудқа деген сүйіспеншілігінен туған.

Ресей рейтингтің үшінші орнын иеленді. Ресейге деген жеккөрушіліктің себептерінің арасында Украинамен қақтығысы, сондай-ақ елдегі "демократияны шектеуі" туралы айтылады.

Рейтингте ондыққа: Солтүстік Корея, Израиль, Пәкістан, Иран, Ирак, Сирия және Үндістан кірді.