Қалыңдық тойды тастап, емтиханға кетіп қалды

0
1 932

«Екі адам үшін емтиханның мерзімін қайта өзгерту әділетсіз болар еді», - дейді қос қалыңдық оқыған курстың лекторы Бенджамин Огбу – «Өйткені, университетте жанашырлық грант жоқ. Егер ол екуі үшін білім беру процессіне өзгеріс енгізілсе бұл оқу ордасының тұтас жүйесіне нұқсан болар еді."


Қалыңдық тойды тастап, емтиханға кетіп қалды

фото: cnn.com

Оқиға өткен жексенбіде болған. Нигериялық екі қалыңдық бітіру емтиханын тапсыру үшін тойдан кетіп қалды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Қоғамдық қатынас мамандығын меңгеріп жүрген екі студент қыздың некелесу тойы мен бітіру емтиханы қатар келіп қалған. Өмір сынағын тастап, білім сынағына кетер алдында олар күйеу жігітерге «мен істеймін» деген екі ауыз сөз айтқан.

Доркас Ачеа мен Дебора Атох тойдың күнін белгілегенде емтихан ақпан айына жоспарланған екен. Алайда, Нигерияның орта белдеуіндегі Бенуэ штатындағы университеттегі жағдаятттар өзгеріп, бірітушілердің білім сынағының мерзімі өзгертіліпті.

"Медиа-этика және құқық» пәнінен емтиханның жаңа мерзімі той белгіленген күнмен тұспа-тұс келіп қалады.

фото: cnn.com

"Той өтетін күн емтиханның алдында белгіленіп қойған еді», - дейді Ачеа (Atsea) CNN арнасына берген сұқбатында. "Мен емтиханға бардым. Бірақ, тапсыра алмадым.»

"Мен емтихан жетекшісіне барып, жағдайды түсіндірдім. Бірақ, ол екінің бірін таңдауым керектігін айтты», - дейді Атох (Atoh).

"Мен (емтихан тапсыратын) сыныпқа кіргенде бәрі қуаныштан қошемет жасады. Емтихан тапсырып болған соң тойға келдім. Өйткені мені қонақтарым күтіп отыр еді», - дейді Atsea

Ал, Atoh үшін бұл есте қаларлық күн болыпты. Сағат 11-де шіркеудегі рәсім аяқталысымен ол бірден емтиханға кеткен.

«Екі адам үшін емтиханның мерзімін қайта өзгерту әділетсіз болар еді», - дейді қос қалыңдық оқыған курстың лекторы Бенджамин Огбу – «Өйткені, университетте жанашырлық грант жоқ. Егер ол екуі үшін білім беру процессіне өзгеріс енгізілсе бұл оқу ордасының тұтас жүйесіне нұқсан болар еді.Біз ол қыздардың екі шаруаны бір күнде тындырғанына қуаныштымыз»