Сот ер адамды он жылға бас бостандығынан айырған.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Ташкент қаласының қақ ортасында 31 жастағы ер адам әйелін балғамен аяусыз ұрып өлтірген. Елдің Жоғарғы соты іске қатысты тың ақпарат жария етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өзбекстан Жоғарғы сотының ресми өкілі Әзиз Әбідов телеграмдағы ресми парақшасында «Миллар» телеарнасының сюжетін таратқан.
«Жеті баламыз бар, жағдайымыз жақсы еді. Алайда, әйелім менімен ұрсыса беретін. Менің анама тіл тигізгенде өз-өзімді ұстай алмай, оны басынан балғамен ұрып жібердім», - деген сотталушының өзі.
Сот ер адамды он жылға бас бостандығынан айырған.