Карталкая тау шаңғысы курортындағы ағашпен қапталған қонақ үйде өрт 21 қаңтар, сейсенбі күні болды.
Фото: Oxu.az
ERNUR.KZ. Turkish Airlines компаниясының сату бөлімі қызметкері Зехра Сена Гүлтекин өрт кезінде күйеуімен, үш баласымен және тоғыз туысымен бірге қаза тапты, деп жазады stan.kz.
Мәліметтерге сенсек, отбасы мектеп демалысында Grand Kartal қонақ үйінде демалып жатқан. Қонақ үй Ыстамбұлдан 270 шақырым шығыста орналасқан тау шаңғысы курортында орналасқан. Өрт шыққан сәтте Зехра анасымен телефон арқылы сөйлесіп, одан кешірім сұраған.
Карталкая тау шаңғысы курортындағы ағашпен қапталған қонақ үйде өрт 21 қаңтар, сейсенбі күні болды.
Зехра Сена Гүлтекин өрт кезінде анасына қоңырау шалып, "Анашым, өмірімдегі барлық нәрсе үшін кешірші" деп айтқан. Алғашында анасы оның не айтқысы келгенін түсінбеген. Бірақ жаңалықты естігеннен кейін бұл сөздердің мағынасын түсініп, қорқынышты хабарды естіген. Зехра бұл қоңырауды шалған кезде құтылуға еш мүмкіндік жоқ екенін білген.
Зехра Сена Гүлтекин, оның күйеуі, үш баласы және туыстары – ағайындары мен олардың балалары өрт басталғаннан кейінгі он минут ішінде қаза тапты.
Измирлік Сүйөлчү отбасы осы қайғылы оқиғаның құрбандарының бірі болды. Мектеп каникулында бұл отбасы балалардың, ұл мен қыздың, өтініші бойынша Карталкаяға келген, себебі олар қысқы демалысты ұнатады. Өрт кезінде анасы мен қызы қаза тапты, ал әкесі мен ұлы аман қалды.
25 жастағы Шеввал Шахин қонақ үйде даяшы болып жұмыс істеген. Өрт кезінде ол бейнеқоңырау арқылы әкесі Эрдал Шахинге хабарласып, сөйлесу барысында төменге секіру туралы шешім қабылдаған. Ол тірі қалды, бірақ ауыр жарақат алды. Қазір Шахин Болу университетінің оқу-зерттеу ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.
Қонақ үйде көптеген мектеп оқушысы болған. Білім беру мекемелерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында оқушылар мен олардың ата-аналарының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жазбалары жарияланды.
"Көз алдымда әуелі қызым, содан кейін ұлым карнизден құлап кетті"
Моргта 24 жастағы Дилара Эрманоғлудың денесін тану кезінде оның әкесі жүрек талмасына ұшырады. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, дәрігерлер жағымды болжам айта алмай отыр.
Өрттен аман қалған Мете Тунч Бодуроғлу бастан өткерген оқиғасын бөлісті.
"Балаларымды қорғау үшін барымды салдым. Бірақ оларды құтқара алмадым. Бөлмелерді бұзып аштық, ішінде басқа адамдар болды. Бір бөлмеде сәби тауып алдым, ол түтінге тұншығып өліп бара жатты. Қолыма алдым, бірақ ол тыныс алмай қалды. Терезелерді сындыру дұрыс емес болды, өйткені жалын жылдамырақ таралар еді. Сондықтан әйелім және балаларыммен бірге әйнектері бүтін бос бөлме тауып, карнизге шықтық. Ұлымды жалын күйдірмесін деп терезе әйнегінің артына тырысып ұстадым. Қасымда әйелім мен қызым қоршаудан ұстап тұрды. Бір сәтте олар төмен құлап кетті. Бәрі біздің көз алдымызда болды. Біз алтыншы қабатта едік. Ұлым екеуміз карнизден ұзақ ұстап тұрдық, бірақ оның саусақтары әлсіреп кетті. Оның жасы 14-те еді. Ол маған "Әке, шыдай алмаймын" деді. Біз екеуіміз бірге құладық. Оның басы қалай жарылғанын көрдім. Ол сол сәтте мерт болды", – деді ер адам.
Аман қалған әкенің денесінде қанша сүйек сынғаны әлі анықталған жоқ. Дәрігерлер оның қайта жүре алатынына кепілдік бере алмайды.
"Бұл сұмдық. Сүйікті балаларыңмен демалысқа барып, енді үйге жалғыз, жаралы, бос пәтерге оралу қандай қиын", – дейді Мете.
Еске салайық, бұған дейін Түркиядағы қонақүйлердің бірінде өрт шығып, 76 адам көз жұмғаны айтылды. Өрт 12 қабатты Гранд Картал қонақүйінде жергілікті уақыт бойынша 03:27-де басталған. Сол кезде қонақүйде 234 қонақ болды.
Болу губернаторы Абдулазиз Айдын қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында өрт шығып, жоғарғы қабаттарға тарағанын айтты. Қонақ үй Болудың орталығынан біршама қашықтықта орналасқан. Аязды ауа райы өрт сөндірушілер оқиға орнына жету үшін бір сағаттан астам уақыт жүрген.