Антибиотиксіз ем: Ғалымдар күйікке қарсы интеллектуалды биоматериал жасады

0
80

Kerecis материалы Исландияда ауланған треска балығынан жасалып, омега-3 май қышқылдарының арқасында жараны тезірек жазып, бактерияларға қарсы әсер береді.


Антибиотиксіз ем: Ғалымдар күйікке қарсы интеллектуалды биоматериал жасады

ERNUR.KZ. Ғалымдар адам терісін алмастыратын жаңа материал жасады, деп жазады baq.kz.

Qazaq Science ғылыми-танымдық порталының мәліметінше, зерттеуде қазіргі тері алмастырғыштардың көпшілігінде антимикробтық қорғаныс жоқтығы атап өтілген. Бұл – күйік жаралары инфекция мен сепсиске бейім екенін ескерсек, аса өзекті мәселе.

Kerecis материалы Исландияда ауланған треска балығынан жасалып, омега-3 май қышқылдарының арқасында жараны тезірек жазып, бактерияларға қарсы әсер береді. Ал NovoSorb BTM-нің полиуретанды матрицасы инфекция кезінде де құрылымдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Ғалымдар мұны құрылымдық қолдау мен инфекциядан қорғанысты үйлестіретін жаңа буын терапиялардың белгісі деп санайды. Антибиотиктерге төзімді инфекциялар көбейген қазіргі жағдайда мұндай жаңалықтар ерекше маңызды.