Арменияда "Садыр Жапаровты Қазақстан президенті" деп қате таныстырған шенеунік жұмыстан қуылды

0
95

Гагик Ваноян бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарды.


Арменияда

Фото: primeminister.am

ERNUR.KZ. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Мұндай шешімнің себебі ресми түрде жарияланған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Гагик Ваноян бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келген. 2026 жылдың тамызында ол қайтадан осы лауазымға тағайындалған болатын.

Көпшілік мұндай шешімді Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 17 қазанда ресми сапармен Ереванға келген Қырғызстан президентімен кездесу барысында болған жайтпен байланыстырады. Пашинян сөз арасында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты "Қазақстан президенті" деп қате атаған.

"Ең алдымен, Арменияға оралған Қазақстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алғым келеді", – деді Пашинян қағазға жазылған мәтінді оқып тұрып.

Осыдан соң 2 күннен кейін ол протокол қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешімге Пашинянның жіберген қателігі себеп болуы мүмкін.

Мемлекеттік протокол қызметі – ел басшылығының халықаралық кездесулері мен ресми іс-шараларын ұйымдастыруға, дипломатиялық рәсімдер мен протокол талаптарының сақталуына жауап беретін мекеме.