Артық салмақпен күрес: ғалымдар ауыз «құлпын» жасап шығарды

0
959

Құрылғы тыныс алуға және сөйлесуге кедергі келтірмейді.


Артық салмақпен күрес: ғалымдар ауыз «құлпын» жасап шығарды

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия ғалымдары әлемдегі алғашқы арықтау құрылғысын жасап шығарды, деп жазады 24.kz.

Ол тістерге арнайы болттармен бекітіліп, иекті бітеп тастайды. Осылайша, адам тек жұмсақ тағамдарды пайдаланып, аз мөлшерде жейді. Құрылғы тыныс алуға және сөйлесуге кедергі келтірмейді. Аппарат қазірдің өзінде сыналып үлгерген. Ғалымдар өздерінің өнертабыстары туралы интернетте жариялағаннан кейін оларға сын айтушылар көбейген.

Олардың жаңалығы ортағасырлық азаптау құралымен салыстырылды. Әлеуметтік желілердегі теріс реакция құрылғыны жасаушыларға түсініктеме беруге мәжбүр етті.

Олардың айтуынша, олар оны операцияға мұқтаж адамдар үшін ойлап тапқан, бірақ дәрігерлер пациенттердің артық салмағына байланысты оны жасай алмайды.

Құрылғы бұл мәселені шешеді және зиянды өнімдерден аулақ қылып, диета ұстауға көмектеседі. Құрылғыны тіс дәрігерінің көмегімен орнатып, кез келген уақытта алып тастауға болады.