Уланып қалғандар арасында балалар да бар.
ERNUR.KZ. Ауғанстанда 300 адам уланып қалды. Бұл туралы ел билігі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, келеңсіз жағдай Чал округінде орын алған. Оқиға орнына дәрігерлер бригадасы жіберілді.
Уланып қалғандар арасында әйелдер мен балалар бар.
Әзірге бұған қатысты басқа деректер айтылмай отыр.