Аустрия канцлері Ауғанстаннан босқын қабылдамайтынын айтты

0
595

Бұған дейін Өзбекстан Ауғанстаннан келген 150 босқынды қайтарған болатын.


Аустрия канцлері Ауғанстаннан босқын қабылдамайтынын айтты

ERNUR.KZ. Аустрия канцлері Себастьян Курц ел Ауғанстаннан босқындарды қабылдамайтынын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Канцлер елде онсыз да 40 мың ауған босқыны өмір сүріп жатқанын атап өтті.

"Аустрия - ауған қауымдастығы ең үлкен елдердің бірі. Бүкіл Еуропа бойынша ауғанстандықтарды бізден көбірек қабылдаған бір ғана ел бар, бұл - Швеция. Мен қазір өз еркімізбен көп адам қабылдауға үзілді-кесілді қарсымын. Мен канцлер болып тұрғанда, мұндай жағдай болмайды", - деді Курц.

Саясаткердің айтуынша, Аустрия басқа елдермен қатар Ауғанстандағы адам құқықтарын сақтау жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

"Тәліптердің қатал екені сөзсіз. Бұл өмір сүру жағдайы нашар елдердің бірі екені де сөзсіз. Менің ойымша, біз жағдайды, әсіресе әйелдердің құқықтары мен халықтың қауіпсіздігін жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек", - деді ол.

Бұған дейін Өзбекстан Ауғанстаннан келген 150 босқынды қайтарған болатын.