Қырғызстанның бұрынғы депутаты Омурбек Бабановқа қатысты "билікті басып алуға дайындалу фактісі бойынша іс" жеке өндіріске алынды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов.
фото: azattyq.org

Ол сонымен қатар депутат Омурбек Бабановтың серігі, билікті басып алуға дайындық ісі бойынша күдікті Қанат Исаев пен тағы үш азаматқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталғанын да айтты.
Тергеу долбарынша, олар "президенттікке кандидат Омурбек Бабановтың жақтастарымен бірге сайлау нәтижесі бұрмаланды деген сылтаумен билікті басып алуға дайындалған".
МҰҚК Бабановқа іздеу жарияланын, я жарияланбағанын айтпады. "Әрине, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір Омурбек Бабанов Қырғызстан аумағында емес" деді Сулайманов.
Қырғызқстанда 15 қазанда өткен сайлаудан соң бас прокуратура Бабановтың үстінен "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге жария түрде шақыру" және "ұлттық, нәсілдік немесе діни жаулық" баптары бойныша қылмыстық іс қозғаған. Шетелде жүрген Бабанов айыпты теріске шығарып, өзін қудалауды "бассыздық" деп атаған. Сайлауда 33 пайыз дауыс жинаған Омурбек Бабанов сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевтың серігі, 54 пайыз дауыс жиған Сооронбай Жээнбековтен жеңілген.