Қырғызстанда құмалақшылар, көріпкелдер мен бақсы-балгерлерді жарнамалауға ресми түрде тыйым салынды.
ERNUR.KZ. Заңнамаға тиісті өзгерістерге Республика президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.
"Заңның мақсаты – өз пайдасын көру үшін белгілі бір міндеттерді шешуді ұсынатын қандай да бір жасырын, сиқырлы әрі басқа да жалған тәсілдермен қызмет көрсету саласындағы азаматтардың халық санасын манипуляциялауын болдырмау", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін түзетулерді парламент мақұлдаған болатын. Олар жасырын мистикалық қызметтерді және оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салуды көздейді.