Бакуде Ресейдің сегіз азаматы қамауға алынды

0
137

Оларға төрт айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Бакуде Ресейдің сегіз азаматы қамауға алынды

фото: Sputnik / Мурад Оруджев

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні Бакуде ұсталған Ресейдің сегіз азаматы төрт айға қамауға алынды. Әзербайжан тарапының айтуынша, олар Ираннан есірткі транзитімен, сондай-ақ киберқылмыспен айналысты деген күдікке ілінген, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін Әзербайжан ақпарат құралдары сегіз ресейлік азаматтың жетеуі қамауға алынғанын хабарлаған болатын.
"Сабаил соты Ираннан есірткі тасымалдады, оларды интернетте саудалады және киберқылмыс жасады деп айыпталған барлық сегіз ресейлік азаматты қамауға алды. Оларға төрт айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар сот алдына жеке-жеке келді, отырыс аяқталды", - делінген хабарламада.
Дүйсенбі күні Әзербайжан Ішкі істер министрлігі екі ресейлік журналисті ұстағанын хабарлаған болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оларға "ФСБ агенті" деген айып тағылған. Игорь Картавих пен Евгений Белоусов төрт айға қамауға алынды.
Дүйсенбі күні РИА Новости сондай-ақ Әзербайжанға жеке сапармен келген тағы бір журналистің ұсталғанын хабарлады. Сейсенбі күні "Россия сегодня" медиа тобы Әзербайжан билігін журналистерді босатып, жағдайды дереу реттеуге шақырды.