4 мыңнан аса адам жарақат алған.
ERNUR.KZ. Ливан астанасы Бейруттегі жойқын жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың саны 100-ден асты, деп жазады radiosputnik.ria.ru.
"Бүгінде 4 мыңнан аса адам жарақат алған, 100-ден аса адам қайтыс болған. Біздің топ әлі де іздестіру, құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - дейді Қызыл Крест ұйымы өкілдері.
Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.