Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды

0
823

Жарылыс салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келгені айтылып отыр.


Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды

ERNUR.KZ. Бейруттің теңіз портында болған жарылыс кезінде Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарақат алды, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстандық дипломаттардың ақпаратына сәйкес, 4 тамыз күні Бейрут жергілікті уақытымен сағат 18:00 кезінде теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.


"Бұл уақытта жұмыс аяқталды. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмады. Жұмыста қалған консул жарылыс болған кезде жарақат алды", - деді ведомство.


Жергілікті биліктің алдын ала болжамы бойынша ішінде пиротехника болған кеме жарылған.




"Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді", - деді сыртқы істер министрлігі.


Ведомство дипломаттар Ливандағы Қазақстан азаматтарыныңжағдайына байланысты ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.