Бес жасар қыз алтын құймасын жұтып қойған

0
92

Бүлдіршін ұзындығы шамамен төрт сантиметр, салмағы 50 грамға жуық алтын құймасын байқамай жұтып қойған.


Бес жасар қыз алтын құймасын жұтып қойған
Фото: QQ.com
ERNUR.KZ. Қытайдың Бейжің қаласында бес жасар қыз ойнап жүріп алтын құймасын жұтып қойған. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, бөгде затты асқазанынан алып шықты, деп жазады Stan.kz.

ГАрада алты сағат өтсе де, құйма табиғи жолмен шықпаған соң ата-анасы қызын ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер алтынның ас қорыту жолында тұрып қалуынан қауіптенген. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ішкі ағзалар зақымданып, тіпті қан кетуі мүмкін. Сондықтан олар шұғыл эндоскопиялық процедура жасау туралы шешім қабылдаған.

Операция кезінде дәрігерлер баланың тамағы арқылы камерасы бар иілгіш түтік енгізіп, алтын құймасының асқазанда жатқанын анықтаған. Бірнеше минуттан кейін бөгде затты абайлап алып шыққан.