Ресейдің Самара облысында жақында дене шынықтыру күні өтті.
ERNUR.KZ. Іс-шара барысында бес жасар қыз пышақ лақтыру бойынша рекорд орнатты, деп жазады Zakon.kz.
"Самарадан келген 5 жасар спортшы Любава Яковлева спорттық пышақ лақтыру бойынша Ресейдің жаңа рекордын орнатты. Қыз 5 минут ішінде 2 метр қашықтықтан нысанаға 88 пышақ тигізді", — делінген хабарламада.
"Сова" басылымының хабарлауынша, қыз жаттығуға екі жасында қатыса бастаған. Ол өзінің алғашқы рекордын үш жасында 37 рет нысанаға алып орнатқан, биыл бұл рекорд 3 есеге жуық өсті.