Екі мәйіт табылған. Әуе кемесі толықтай қирап, жанып кеткен.
ERNUR.KZ. Бір ай бұрын жоғалып кеткен Ми-2 тікұшағы Краснояр өлкесінің Дудинка қаласының маңынан табылды, деп хабарлайды ktk.kz.
«7 қыркүйекте Таймыр муниципалдық ауданы Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне жергілікті тұрғындардан Дудинка қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 47 шақырым қашықтықта өртеніп кеткен тікұшақ табылғаны туралы хабар түскен. 8 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 04:50-де тікұшақ құлаған жерге Өңірлік үйлестіру іздеу-құтқару орталығының тікұшағы келді. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүріп жатыр. Аппараттың апатқа ұшырап, жанып кеткені расталды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Сібір авициялық іздеу-құтқару орталығы оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылғанын хабарлады.
«Екі мәйіт, яғни мәйіт қалдықтары табылды. Әуе кемесі толықтай қирап, жанып кеткен», - деді агенттік дереккөзі.
Қазіргі таңда тікұшақтың 11 тамызда Новый Уренгойдан Дудинкаға ұшып бара жатып, жоғалып кеткен әуе кемесі екендігі тексеріліп жатыр. Өлкелік ТЖМ дерегі бойынша, ұшырылым әуе көлігі органдарының келісімінсіз жүзеге асырылған, оның нақты бағыты белгісіз. Әуе кемесінің бортында 3 адам болған.