Бойжеткеннің 12 жыл бұрын жоғалтып алған сақинасы мұрнынан шықты

0
3 214

Анасы ол сақинаны қыздың 8 жасында туған күніне сыйлаған екен.


Бойжеткеннің 12 жыл бұрын жоғалтып алған сақинасы мұрнынан шықты

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Китли қаласында бойжеткен мұрнына сақина тұрып қалғанын 12 жыл бойы байқамай жүрген, деп жазады Stan.kz.

«Әдеттегі күн болатын. Мен диванда отырып, кенеттен түшкіріп жібердім. Мұнан кейін орамалға қарап: «Мынау не?» – деп ойладым. Орамалда сақина жатты», – дейді 20 жастағы Эбигейл Томпсон.

Белгілі болғандай орамалда 2007 жылы жоғалып кеткен сақина жатқан. Бойжеткен түшкірген кезде, сақина мұрнынан шығып кетіпті.

Анасы ол сақинаны қыздың 8 жасында туған күніне сыйлаған екен. Арада бірнеше ай өткеннен кейін сақина жоғалып кеткен. Сол кезде Эбигейл өз құрбыларынан күдіктеніпті.

«Оның мұрнымда тұрып қалғаны туралы ой миллион жыл өтсе де миыма келмейтін еді», – дейді ол.

Қыздың анасының сөзінше, Эбигейл мұрнын шұқыған кезде сақина ішінде тұрып қалған.