Дәлірек айтсақ, біздің ғаламшардан 38 миллион шақырым қашықтықта өтеді.
ERNUR.KZ. Осыған дейін адамның бас сүйегіне ұқсайтын 2015 TB145 кометасы туралы жазған едік. Дәл сол ғажайып аспан денесі бүгін Жерге барынша жақын келеді, деп жазады Алтайньюс.
Дәлірек айтсақ, біздің ғаламшардан 38 миллион шақырым қашықтықта өтеді.
Астрономдар «Өлім кометасы» деп атаған ірі комета Жер бетіне қауіп төндірмей, жанынан өтіп кетеді. Бірақ қайта оралған кезде қауіпті болуы мүмкін.
NASA 2015TB145 кометасын оны өлі құйрықты жұлдыздың бірі деп есептейді. Ғалымдар бұл аспан денесін үш жыл бұрын ашқан. Комета 2015 жылы Жерден жарты миллион шақырым қашықтықта ұшып өтіп, ғалымдардың назарына іліккен. Сол кезде астрофизиктер бірнеше рет фотосуретке түсіріп үлгерген. «Өлім кометасы» келесі жолы Жерге 2082 жылдан кейін жақындайды. Жоғарыда айтқанымыздай қайта оралған кезде қауіпті болуы мүмкін.