Бүгіннен бастап ресейліктер үшін виза жүйесі енгізілді

0
685

Алайда виза алған күннің өзінде Ресей азаматтары Украина аумағына кіре алмауы мүмкін.


Бүгіннен бастап ресейліктер үшін виза жүйесі енгізілді

ERNUR.KZ. Ресей тұрғындары украин визасын алу үшін ресейлік сегіз қаладағы VFS Global орталықтарының біріне жүгіне алады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің мәліметінше, өтінішті үшінші бір елдегі украин дипломаттары қарайды, себебі 24 ақпанда Ресей әскері Украина аумағына басып кірген соң Киев Мәскеумен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді, украин дипломаттарының бәрі бұл елден кетті.

Алайда виза алған күннің өзінде Ресей азаматтары Украина аумағына кіре алмауы мүмкін. Түпкілікті шешімді бақылау-өткізу бекетіндегі шекарашылар қабылдайды.

Украина президенті Владимир Путин осындай шешім ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылданғанын айтқан.

Ресей сыртқы істер министрлігі Киевтің бұл әрекетіне қарымта шешім қабылдайтынын ескерткен.

Қырым аннексияланғанда, Донбасстағы әскери жанжал басталғанда да Ресей мен Украина арасындағы визасыз жүйе бұзылған жоқ. Ресейліктер Украина аумағында 90 күнге дейін емін-еркін жүре алатын. 2014 жылдан соң Украинаға баратын ресейліктер саны күрт азайған. Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы Украина шекарасынан жарты миллион ресейлік өткен.