Бүкіл әлем назар аударды: Құдықтан шығарылған бала мерт болды

0
827

Райян есімді бес жасар бала бес күн бұрын тереңдігі 32 метр, ені 45 сантиметрдей құрғақ құдыққа құлап кеткен.


Бүкіл әлем назар аударды: Құдықтан шығарылған бала мерт болды

ERNUR.KZ. Сенбі күні кешке, 5 ақпанда Марокконың солтүстігінде бірнеше күн бұрын бала құлап кеткен бес жасар Райянды терең құдықтан шығару операциясы аяқталды, деп жазады Stan.kz.

Hespress агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар баланы құдықтан шығарып үлгерген. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті. Алайда кейінірек баланың қайтыс болғаны белгілі болды.

Жексенбіге қараған түні Марокко королі Мұхаммед VI кеңсесі Райянның қайтыс болғанын хабарлады.

"Мәртебелі Король VI Мұхаммед құдыққа құлап кеткен марқұм Райянның ата-анасына телефон соғып, көңіл айтты", - делінген кеңсе таратқан хабарламада.

Король жағдайдың дамуын жіті қадағалап, патшалықтың барлық құзырлы органдарына баланы құтқару шараларын қолдану туралы жарлықтар шығарғанын айтты. Сондай-ақ құтқарушыларға алғысын білдірді.

Райян есімді бес жасар бала бес күн бұрын тереңдігі 32 метр, ені 45 сантиметрдей құрғақ құдыққа құлап кеткен. Баланы құтқару операциясы осы күндері жалғасты. Жұмысқа экскаваторлар тартылып, құтқарушылардың балаға жетуін жеңілдету үшін терең қазу жұмыстары жүргізілді. Операция барысы тасты жердің кесірінен қиын болды, құтқарушыларға топырақтың шөгіп кетпеуі үшін мұқият әрекет ету керек болды.

Райанды құтқару операциясын бүкіл әлемде бақылады. Бұл жағдай жаһандық БАҚ-тың назарын аударып, араб әлемін біріктірді. Оқиға орнына жиналған халық құтқарушыларға көмектесіп, бала үшін дұға етті.