БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде Ан-148 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаза болғандардың туыстарына, Ресей халқы мен үкіметіне көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде Ан-148 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қаза болғандардың туыстарына, Ресей халқы мен үкіметіне көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бас хатшы жолаушысы мен экипаж мүшелері түгел қаза болған Мәскеу облысындағы қайғылы апат туралы ақпарды қабырғасы қайыса отырып қабылдады. Бас хатшы марқұмдардың отбасына, Ресей Федерациясының халқы мен үкіметіне шын жүректен көңіл айтады», - делінген бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжаррик жасаған хабарламада.
Москва — Орск бағытында жол алған "Саратовские авиалиний" компаниясына тиесілі Ан-148 жексенбі күні, «Домодедово» әуежайынан көтіреле бергенде апатқа ұшырады. Бортта 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.