ChatGPT-ты жасаушы компания Илон Масктың ұсынысынан бас тартты

0
260


ChatGPT-ты жасаушы компания Илон Масктың ұсынысынан бас тартты

ERNUR.KZ. OpenAI корпорациясының директорлар кеңесі өздеріне ChatGPT-ты 97,4 млрд долларға сатып алуға өтініш білдірген Илон Масктың ұсынысынан бас тартты, деп жазады Zakon.kz.

"OpenAI бас директоры Сэм Альтман: "OpenAI сатылмайды, директорлар кеңесі Масктың бәсекелестерін өз жағына жығу тұрғысындағы бұл соңғы әрекетін бірауыздан қабылдамады" деп мәлімдеді", делінген DW басылымында.
"OpenAI-дің кез келген ықтимал қайта құрылуы біздің коммерциялық емес ұйымымызды және оның AGI (жасанды жалпы интеллект) адамзатқа пайдасын тигізу миссиясын күшейтеді", деп OpenAI X әлеуметтік желісінде директорлар кеңесінің төрағасы Брет Тейлордың сөзін келтірді.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы америкалық миллиардер Open AI және компанияның негізін қалаушылар Сэм Альтман мен Грег Брокманға қарсы сотқа шағым түсірген болатын. Стартап сатысында компанияны қолдаған Маск: Альтман мен Брокман 2015 жылы Open AI коммерциялық емес ұйым болады деп уәде бергенін жеткізді. Дегенмен, олар Microsoft корпорациясының ең ірі компаниясымен бірге AGI зерттеулерімен жұмыс істей отырып, коммерциялық модельді дамытуға басымдық берген. Илон Маск Open AI-дан бастапқы миссиясын орындауды және оның технологиясын монетизацияламауды талап етті. Алайда, бірнеше айдан кейін миллиардер соттан өтінішін кері қайтарып алды.

2024 жылдың соңында АҚШ-та ChatGPT-қа байланысты заң бұзды деп компанияны айыптаған OpenAI-дың бұрынғы қызметкері өлі күйінде табылды.