Чемодан ішінен екі адамның мәйіті шыққан

0
356

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Чемодан ішінен екі адамның мәйіті шыққан

ERNUR.KZ. Бүгін таңғы сағат 11 шамасында Невский ауданының полициясына өтіп бара жатқан адамның хабарлауы бойынша қоңырау түскен, деп жазады BAQKZ.

“Ол Нева өзенінің жағасында, Славянская көшесі, 3 мекенжайына жақын жерде ішінде адам сүйектері болуы мүмкін екі чемодан тауып алған”, – деді агенттікке сұхбат беруші.

Оның айтуынша, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер жеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

“Әзірге сүйектердің кімге тиесілі екені де, өлім себебі де белгісіз, – деп атап өтті құқық қорғау органдарының өкілі.