Чернобыль аймағына 100 жылда алғаш рет аюлар оралды

0
722

Аталған аймақта сілеусіндер мен қасқырлар да байқалған.


Чернобыль аймағына 100 жылда алғаш рет аюлар оралды

ERNUR.KZ. Чернобыль аймағына 100 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет аюлар келді, деп жазады 24.kz.

«Адамдардың жоқтығына байланысты мұнда аюлар оралды. Беларусьтен келген сияқты. Олардың жалпы санын білмейміз. Олар осында тұрақтап қалулары да мүмкін. Бұл жерді жүз жылдай уақыт бойы аюлар мекендемеген», - деді аймақ зерттеушісі Сергей Гащак.

Сондай-ақ аталған аймақта сілеусіндер мен қасқырлар да байқалған.