Дәрігер қателесіп қаралуға келген ер адамды сүндетке отырғызып тастады

0
2 077

Енді бірінің екінші жақ жамбасына қателесіп имплант салынған.


Дәрігер қателесіп қаралуға келген ер адамды сүндетке отырғызып тастады

ERNUR.KZ. Британияда хирург қателесіп ер адамды сүндетке отырғызып жіберді, деп жазады stan.kz.

Ер адам дәрігерге зәр шығару жұмысын тексерту үшін барады. Оны басқа науқаспен шатастырған хирург сүндетке отырғызып жіберген.

Аурухана басшылығы бұл жайлы пікір беруден бас тартты. Ұлттық денсаулық сақтау басқармасы да бұл жайлы білмеді. Тек медициналық мекемелерді тексерген комиссияның есеп беруі кезінде айтылды.

Болмауы тиіс мұндай қателіктер дәрігерлер тарапынан да болып тұрады.

Құжаттарда дәрігерлердің өзге де қателіктері айтылды. Онда бір дәрігердің бүлдіршіннің мұрын қуысында тампон ұмытып кеткені, тегі бір науқасқа өзгенің отасы жасалғаны, енді бірінің екінші жақ жамбасына қателесіп имплант салынғаны айтылды.