Лордтың жаңа әйелі отағасының қызынан 15 жас кіші
ERNUR.KZ. Англияда 77 жастағы мұсылман лорд Мұхаммед Илтаф өзінен 45 жас кіші өзбек қызына үйленді, деп жазады centralasian.org.
77 жастағы Мұхаммед Илтаф 32 жастағы Гули Мұрадованы 2013 жылы кафеде кездестірген, қыз сонда даяшы болып жұмыс істеген. Екеуі жақын танысқан.
Мұрадова Өзбекстанға қайтып оралған уақытта британ миллионері оның артынан іздеп келген. Лорд алғашқы әйелімен ажырасып, содан кейін ғана Мұрадоваға 2018 жылы желтоқсанда үйленген.
Үйлену тойы бес жұлдызды Grosvenor House қонақ үйінде өтті. Британ басылымының хабарлауынша, лордтың жаңа әйелі отағасының қызынан 15 жас кіші болып шыққан.