Ерлі-зайыпты екеу мен олардың 4 баласының денесін көршілері тапқан.
ERNUR.KZ. Душанбеде алты адамнан тұратын отбасы ыс тиіп қаза болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті хабарлады.
«Бір отбасының алты мүшесі улы газдан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, оқиға 28 ақпанға қараған түні Душанбенің солтүстігіндегі Фирдауси ауданында болған.
Asia-Plus порталының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала, сондай-ақ олардың әкесі мен анасы болған. Үй көмір жағатын пешпен жылытылған. Марқұмдардың денесін көршілері тауып алып, оқиға туралы жедел қызметке хабарлаған.