​Джей Лоның концерті Ташкентке 3,3 млн доллар табыс әкелді

0
116

Концерт болатын күні стадионға қызмет көрсету қызметкерлерін қосқанда 31 144 адам келді.


​Джей Лоның концерті Ташкентке 3,3 млн доллар табыс әкелді

Фото: Jason Armond

АСТАНА. KAZINFORM — Шараны ұйымдастырған Мәдениет пен өнерді дамыту қорының бүгінгі мәліметі бойынша, 2025 жылдың 7 тамызында Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өткен америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопестің концертінен Ташкент қаласына 42,5 миллиард сумдан (3,3 миллион доллар) астам салық түсімі түсті, деп хабарлайды gazeta.uz.

Бұл Өзбекстан тарихындағы ААА санатындағы өнерпаздың қатысуымен өткен алғашқы концерт екені хабарланды. Концерт болатын күні стадионға қызмет көрсету қызметкерлерін қосқанда 31 144 адам келді. 25 мың билет сатылса, оның 67 пайызын шетелдіктер сатып алған.

Концертке барлығы 15 330 шетелдік турист келгені атап өтілді. Олардың 8 945-і ресейліктер, 2 495-і қазақстандықтар, қалғандары Еуропа мен АҚШ-тан келген туристер.
5-8 тамызда ташкенттік қонақүйлер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7 пайызға көп болғаны хабарланды. 7 тамызда Чилонзор метро желісінде 16 500-ден астам жолаушыға қызмет көрсетілді. Шараны ұйымдастыруға 115 ұйым қатысты. Барлығы 18 фуд-корт пен сауда нүктелері жұмыс істеді.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 88 жол-патрульдік және арнайы техника, 8 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Шара өтетін аумақта 3800 тәртіп сақшысы мен 300 ерікті, сондай-ақ 500 қызметкер тазалықты қамтамасыз етті.