Джо Байден «Жыл адамы» атанды

0
1 114

«Жыл адамы-2020» атануға үміткерлер қатарында Дональд Трамп та болған.


Джо Байден «Жыл адамы» атанды

ERNUR.KZ. Джо Байден Time нұсқасы бойынша жыл адамы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар бұл атаққа Камала Харрис те ие болды.

«Жыл адамы-2020» атануға үміткерлер қатарында Байденнен бөлек, Дональд Трамп, АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи мен афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен соң құрылған «Нәсілдік теңдік қозғалысы» болды.

Айта кетейік, алдын ала мәлімет бойынша Джо Байден Америкадағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Ал Камала Харрис АҚШ-тың вице-президенті болады.