Эбола өршіп барады: ДДCҰ індетпен күреске 30 млн доллар жетіспейтінін мәлімдеді

0
77

Қазір Конгоның ең көп зардап шеккен аймақтарына медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу үшін логистикалық жұмыстарға кемінде 30 млн доллар қажет.


Эбола өршіп барады: ДДCҰ індетпен күреске 30 млн доллар жетіспейтінін мәлімдеді

Фото: .istockphoto.com

ERNUR.KZ. Конгода індетпен күреске қажетті қаржы тапшы болып отыр, деп жазады baq.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусыныңтаралуы әлі де белсенді екенін ескертті. Көршілес Угандада індетпен күресте оң нәтиже болғанымен, Конгода зардап шеккен аймақтарға қорғаныс құралдары мен медициналық жабдықтарды жеткізуге 30 млн доллар жетіспейді.
Reutersтаратқан мәліметке сәйкес, Угандада Эболаның жаңа штамының өршуі аяқталған. Ал Конгода, керісінше, вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артып келеді.

Конго Демократиялық Республикасы үкіметінің соңғы мәліметіне сәйкес, 5 600-ден астам адам вирус жұқтырған, 2 700-ден астам адам қайтыс болған.

“ Вирустың таралуы әлі де өте белсенді. Біз оның таралу қарқынын бәсеңдеттік, бірақ әзірге жағдайды түбегейлі өзгерте алмадық “, – деді ДДҰ-ның Африка өңіріндегі төтенше жағдайларға дайындық мәселелері жөніндегі директоры Мари Розелин Белизер.

Оның айтуынша, вирус тез таралып жатқанына қарамастан, Эболаның жаңа штамына жүргізілген талдаулар мутация белгілерін анықтамаған. Алайда қаржының айтарлықтай жетіспеуі алаңдатып отыр.

Қазір Конгоның ең көп зардап шеккен аймақтарына медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу үшін логистикалық жұмыстарға кемінде 30 млн доллар қажет.

“ Бұл қаражат шұғыл бөлінбесе, қол жеткізген қарқынымызды бәсеңдетіп алуымыз мүмкін “, – деді ол.