​Егіз босанған әйел терезеден секіріп кетті

0
1 704

Босанған әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды


​Егіз босанған әйел терезеден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Украина астанасы Киевте перзентханада палатаның терезесінен 32 жастағы әйел секіріп кетті, деп жазады ktk.kz.

«Баггоутовский көшесінде орналасқан перзентхананың жетінші қабаттағы палата терезесінен 32 жастағы әйел құлап кетті. Оқиға орнында дәрігерлер бірнеше күн бұрын егіз бала дүниеге әкелген әйелдің өлімін анықтады. Дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Босанған әйелдің қайтыс болуына байланысты, Украина Қылмыстық кодексінің 151-бабы 1-бөлігінің (қылмыссыз кісі өлтіру) 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.