​ЕО балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне шектеу қойғысы келеді

0
89

Ұсыныс Брюссельде өткен Еуропалық Одақ көшбасшыларының саммитінде қабылданған декларацияда көрсетілген.


​ЕО балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне шектеу қойғысы келеді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Еуропалық Одақ TikTok пен Instagram әлеуметтік желісін пайдалануға жас шектеуін енгізуді талқылап жатыр, деп жазады inform.kz.

Ұсыныс Брюссельде өткен Еуропалық Одақ көшбасшыларының саммитінде қабылданған декларацияда көрсетілген.

Бастаманың негізгі мақсаты — цифрлық кеңістікте балаларды қорғауды күшейту және әлеуметтік платформаға тәуелділікті азайту.
Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен бұл шектеулерді алкоголь мен темекі сату ережелерімен салыстыра отырып, әлеуметтік желілерді тіркеу үшін ең төменгі жасты белгілеуге шақырды.
Оның айтуынша, 2024 жылдың қарашасында 16 жасқа толмағандар үшін әлеуметтік медианы пайдалануға тыйым салған әлемдегі бірінші ел Австралия болды. Бұл мемлекет Еуропалық Одақ үшін үлгі бола алады.
Еуроодақ елдерінде әлеуметтік медианы пайдаланудағы жас шектеулерін енгізудің оңтайлы механизмін талқылау үшін ЕО сарапшылар тобы жыл соңына дейін бас қосады деп жоспарланған.
Жыл басында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан TikTok-тың әсері атом бомбасынан кем болмай тұрғанын айтып, оны шектеуді ұсынды.